Солтүстік өңірлерде жұмыс күші жетіспейді

526

Бала есейген соң басқа аймақтарда білім алуы қажет.  

Солтүстік өңірлерде жұмыс күші жетіспейді Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жастардың шетелде білім алуы мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бала есейген соң қанаттанып, ұядан ұшуға тиіс. Басқа аймақтарда, тіпті, шетелде білім алуы қажет. Өзге жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көргені абзал. Сондай-ақ қай жерде өзіне және еліне пайдасы тисе, сол жерге барып еңбек етуі керек. Бүгінде солтүстік аймақтарда жұмыс күші жетіспейді. Ол жақта тегін білім алуға, жақсы жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекет беріп отырған осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Біз мыңдаған шақырым жерде көшіп-қонып жүрген көшпенділердің ұрпағы екенімізді ұмытпайық", - деді Президент.

Оның сөзінше, қазіргі жастар заманауи көшпенділіктің жақсы жақтарын игере білуі керек.

"Көші-қон – дүние жүзіне ортақ қалыпты құбылыс. Біз шетелге барып, қара жұмыс істеп жүр деп, көрші елдің азаматтарын менсінбей қараған адамдарды да көрдік. Шын мәніне келгенде, сол шетелде жүрген адамдар жаңа дағдыларды игереді, жаңа кәсіптерді меңгереді. Олар өз елінің экономикасын дамытуға едәуір үлес қосып жүр", - деді Тоқаев.

Айта кету керек, осыған дейін  Мемлекет басшысы көптеген жастың әлеуметтік жәрдемақыға қол жайып отырғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу