Солтүстік өңірлерді 2025 жылға дейін газдандыру мүмкін емес – депутат

853

"Сарыарқа" магистральдық газ құбыры құрылысының баяу жүріп жатқанын ескере келгенде бұрын жоспарланғандай 2025 жылға қарай солтүстік өңірлерді газдандыруды аяқтау мүмкін болмайтыны анық. Бұл туралы Сенат депутаты Ерік Сұлтанов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Солтүстік өңірлерді 2025 жылға дейін газдандыру мүмкін емес – депутат

"Бүгінгі таңда газдың болмауы инвестиция тарту, жаңа өндіріс ашу, халықты жұмыспен қамту және жалпы ел экономикасы мен өңірлерді дамыту үшін басты тежеуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі жағдайды ескере отырып, өңірлерді газдандыруда экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең қолайлы нұсқаны қарастыру ұсынылады", – деді депутат Сұлтанов.

Сенатор осыған байланысты министрлер кабинетінің басшысына газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітуді жеделдетуді ұсынды және онда осы мәселелердің бәрі көрініс табуы тиіс екенін айтты.

Ресурс базасын толықтыру үшін жер қойнауын пайдаланушыларды жаңа газ жобасын іске асыруға ынталандыру шараларын әзірлеуді ұсынды. Газға баға белгілеу процесінің ашықтығы мен өңірлерді газдандыру жөніндегі бүгінгі күннің ахуалына сәйкес келетін жаңа жоспар құру да маңызды екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу