Солтүстік өңірлерге 22 мыңнан астам отбасы қоныс аударады

1401

Солтүстік өңірлерге 22 мыңнан астам отбасы қоныс аударады

Алдағы 5 жылда 22 мыңнан астам отбасы оңтүстіктен Қазақстанның солтүстігіне қарай қоныс аударатын болады. Бұл ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мамандары хабарлады. Олар үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арнайы жеңілдіктер қарастырып отыр. Яғни, қоныс аударған азамат тұрғын үй бағасының 50 пайызынан да төмен бағада баспана ала алады.

Статистика бойынша, соңғы үш жылда Мақтаарал ауданының тұрғындары 272 мың адамға көбейген. Сарыағаш ауданында бұл көрсеткіш 100 мың адамды құрап отыр. Қоныс ауыстыру бағдарламасы аталған көрсеткіштерді азайту мақсатында да қолға алынып отыр. Жалпы, бағдарлама басталғалы бері 58 мың 904 отбасы қоныс аударса, олардың 40 пайызы осы оңтүстік өңірден келгендер болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу