Солтүстік пен шығыстағы халық саны азайып жатыр – сенатор

169

Өңірде халықтың қартаюы, аймақтық алшақтық байқалады. 

Солтүстік пен шығыстағы халық саны азайып жатыр – сенатор Фото: qazaq1913.com

Сенатор Амангелді Толамисов еліміздегі демографиялық саясаттың өзекті мәселелерін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2011 жылы мемлекеттік демографиялық саясат тұжырымдамасының күші жойылғаннан кейін елде осы саладағы стратегиялық басымдықтарды айқындайтын жүйелі негіздемелік құжат жоқ. Бұл институционалдық вакуумға алып келіп, елді ведомствоаралық ықпалдастық пен бағдарламалық мақсат қою құралынан айырып отыр. Бұл ретте Қазақстан бірқатар тұрақты және күшейіп келе жатқан демографиялық сын-қатерлерге тап болып отыр", - деді депутат.

Амангелді Толамисовтың сөзінше, қолданыстағы демографиялық саясат фрагментті және нақтыланбаған сипатта. Демография мен көші-қонды басқару функциялары әртүрлі мекемелер арасында шашыраңқы орналасқан, бұл жүйелі талдау, белсенді жоспарлау мүмкіндігін жоққа шығарады.

Соның салдарынан туу төмендеді және халықтың қартаюы байқалды, аймақтық алшақтық, солтүстік және шығыс аймақтардағы халық санының кемуі, сондай-ақ көші-қон ағынының көбеюі және урбанизацияның өсуі көрініс тапты. Бұл қиындықтар басқарудың барлық деңгейінде жан-жақты көзқарас пен үйлесімді күш-жігерді қажет етеді.

"Бұл сын-қатерлердің кешенділігі жеке бастамаларды емес, біртұтас, ведомствоаралық үйлестірілген және ғылыми негізделген тәсілді қажет етеді. Тұжырымдама өмірлік циклдің туғаннан бастап белсенді ұзақ өмір сүруге дейінгі барлық кезеңді қамтуға, аумақтық саясат, еңбек ұтқырлығы, репродуктивті және көші-қонды жоспарлауды қамтуы тиіс. Қазіргі конфигурацияда демографиялық және көші-қон саясаты үшін бірыңғай жауапты орталық жоқ екенін атап өткім келеді. Бұл өкілеттіктердің бұлыңғырлануына және басқарудың төмендеуіне әкеледі. Осыны ескере отырып, қолданыстағы мемлекеттік органдардың біріне нормативтік деңгейде тиісті функцияларды бекітіп, кеңейтілген үйлестіру мандатын беру нұсқасын қарастыру ұсынылады", - деді Амангелді Толамисов.

Депутат демография саласындағы ғылыми-талдау жұмысын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Демографиялық және көші-қон процестерін талдаудың ұлттық орталығын құру әлеуметтік және экономикалық факторлармен қоса жан-жақты талдау жүргізуге және мемлекеттік саясатты жоспарлау үшін дәлірек болжамдар жасауға көмектеседі.

Айтуынша, демографиялық стратегияны тиімді іске асыру үшін білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу