Солтүстік, шығыс өңірлерге қанша газ керектігін анықтау әкімдіктерге жүктелді

1026

Энергетика министрлігі солтүстік, шығыс өңірлерге Ресейден газ қашан тартылатынын әзірге нақты айта алмайды.  

Солтүстік, шығыс өңірлерге қанша газ керектігін анықтау әкімдіктерге жүктелді

Энергетика министрлігі Ресейден Қазақстанға газ тарту мәселесін қарастырып жатыр. Олар "Газпром" компаниясымен келіссөздер жүргізген. Компания елдің солтүстік, шығыс өңірлеріне қанша газ керектігі туралы нақты ақпарат сұратқан. 

"Қазір әкімдіктер қажеттілік бойынша өтінім қалыптастырып жатыр. Олар қандай кәсіпорындарды, жеке сектордың қанша бөлігін газға қосуға болатыны туралы жоспар жасайды. Қандай кәсіпорындар газға көшуге дайын екені анықталады. Қазақстандық кәсіпорындарға электр қуатын өндірісте пайдалану әлдеқайда арзан. Оның үстіне Ресейдегі газдың бағасында да айырмашылық бар. Бұл жұмыстар жылдың бірінші тоқсанында бітуі керек. Содан кейін энергетика министрлігі қанша газ керек, оны қалай жеткізуге болады. Бұл жоба қанша мерзімде іске асады деген сұрақтарға жауап бере алады", – деді сенат қабырғасында журналистерге сұхбат берген энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов. 

Оның айтуына қарағанда, "Газпром" – Ресейдегі газ тасымалдау және жеткізу бойынша оператор. Сондықтан Ресейден газ тарту туралы келіссөздер "Газпроммен" жүргізіліп жатыр. Сұйылтылған газды жеке компаниялар да тасымалдайды. Ал құбыр арқылы келетін газға "Гапром" жауапты екен.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу