Солтүстікке көшетіндерге қаржылай қолдау жоғары

1140

Серік Жәдігер Түркістан облысы Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударды.

Солтүстікке көшетіндерге қаржылай қолдау жоғары

Солтүстікке қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) және басқа да төлемдерді алып, мұқтажсыз өмір сүруді бастай алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз қызметі.

Ерлі-зайыпты Серік Жәдігер мен Маржан Нәлібаева 2017 жылы елдің солтүстік өңірлерінің біріне көшу туралы шешім қабылдады.

"Біздің алты баламыз бар. Биылғы жылдың сәуір айында бізге 1 млн 567 мың 200 теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, ай сайын 130 мың 600 теңге аламыз. Сондай-ақ бізге жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға 176 мың 750 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл ақшаға біз сиыр сатып алдық. Енді біз дүкеннен сүт өнімдерін сатып алмаймыз – бәрі табиғи. Тағы бізге "Отау ТВ" телевизиялық приставкасын орнатып берді. Әрине, туған өлкемізді сағынамыз, бірақ бұл жақта да бізге өте ұнайды", – деді Маржан Нәлібаева. 

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Гүлнар Камалова көп балалы отбасының 4 баласын мектепке дайындауға 50 мың 500 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем көрсетілгенін айтады. Сондай-ақ ол аталған отбасының "Еңбек" бағдарламасы арқылы 1 млн. 500 мың теңге микрокредит беріліп, оған 50 бас қой сатып алғанын тілге тиек етті.

Камалованың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 59 отбасы жалпы сомасы 19 млн 200 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек алады, оның ішінде 42 отбасыға 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 10 миллион 600 мың теңге, 17 отбасыға әрқайсысына 200 АЕК-тен, жалпы сомасы 8 миллион 600 мың теңге төленеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу