Салқын көктем, жаңбырлы жаз, әсіресе тамыз айының соңындағы толассыз жауған жауын-шашын — климат ерекшеліктерін ескере отырып, солтүстіктегі егін егуші өңірлерде астық жинау науқаны 10–12 күнге кешіктірілді. Дегенмен, осындай ауа-райы жағдайына қарамастан ауыл шаруашылығы құралымдарында дәнді-дақылдардың жатып қалуы, төгілуі және көктеп кетуі мәселелері орын алған жоқ. Бұл туралы жиын-терін науқанына дайындық барысы туралы өткен баспасөз туры кезінде Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Целиноград ауданы әкімінің айтуынша, 2018 жылы ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 202 мың га астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, оның ішінде бидай — 165 962 га, арпа — 233 499 га, сұлы — 5 849 га, майлы дақылдар — 17 037 га, бір жылдық шөптер — 10 239 га, картоп — 289 га, көкөністер — 185 га жинау қажет. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бекітілген баға бойынша 3900 тонна дизель отыны бөлінген.
"Бүгінгі таңда дәнді дақылдар 20 мың га жерде орылды, 16 мың га алқапта бастырылды, бұл 10% құрайды, астық өнімділігі – 10 ц/га. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау екі тәсілмен жүргізіледі: жекелей және тікелей комбайндау арқылы. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жекелеген тәсілмен – 37 мың га аумақта, 165 мың га-дан астам аумақта – тікелей комбайндау арқылы жиналады. Жиын терім науқанына 543 астық жинау комбайны тартылған, соның ішінде заманауи жоғары өнімді комбайн – 101 дана, 126 тракторлы пойыз, 116 автокөлік", — деді Малғаждар Тәткеев.
Дәнді дақылдарды бастырудың күндізгі өнімділігі 10 500 гектарды құрайды. Ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары осындай қарқынмен дәнді дақылдарды жинауды 19–20 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
"29 000 тонна дәнді-дақыл тұқымын себу жоспарланған, қазіргі таңда барлық құрғақ дәндер тұқым ретінде сақталуда. Ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары картопты жинауды бастады, жақсы өнім түседі деп болжанған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша көкөністерді жинау алаңы 185,2 гектарды құрайды, бүгінгі таңда 8,5 гектар жиналған", — деді әкім.