Солтүстікте халық саны азайып жатыр – Әшімбаев

353

Еліміздің демографиялық дамуына байланысты мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажет. 

Солтүстікте халық саны азайып жатыр – Әшімбаев Фото: Сенат

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкімет сағатында еліміздің демографиялық ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай (-8,3%) облыстарында халық саны азайған. Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы күтілген нәтижені бермегенін мойындауымыз керек. Осы орайда қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз", - деді ол.

Сонымен қатар Сенат Спикері өңірлердегі әлеуметтік-демографиялық және экономикалық теңгерімсіздік мәселелеріне, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, білім деңгейін, жастардың еңбек өнімділігі мен табысын арттыруға және жас отбасыларды қолдауға ерекше назар аударды. Мәулен Әшімбаев елдің орнықты экономикалық дамуы халықтың санымен, азаматтардың тұрмыс деңгейімен және еңбек ресурстарының қолжетімділігімен тікелей байланысты екенін айтты.

"Еліміздің демографиялық дамуына байланысты мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажет. Жалпы, елдің теңгерімді демографиялық дамуы бәсекеге қабілеттілік факторларының бірі екені анық. Әділетті Қазақстан құру, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Бұл – ең алдымен, адамның мүдделері мен қажеттіліктеріне басымдық беру, халықтың әл-ауқатын жақсарту деген сөз. Еліміздің демографиялық саясатының басты мақсаты да осы", – деді Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу