Солтүстікті қазақыландыруға 85 млрд теңге бөлінді

1599

Солтүстікті қазақыландыруға 85 млрд теңге бөлінді

Оңтүстік халқын солтүстікке қоныстандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін, 2017 жылға қазынадан 85 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы  "Корпоративтік секторда әйелдердің мүмкіндігін кеңейту" атты халықаралық форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп жазады qasym.kz.

"Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныстану бойынша бағдарлама қолға алынды. Алғашқы жұмыстар басталып та кетті. Ең біріншіден, Білім және ғылым министрлігінің "Серпе" бағдарламасы аясында солтүстік облыстарға студенттер келуде. Біздің бағдарлама бойынша да бұл жұмыс жалғасын табады. Биылдың өзінде бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 45 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден — 40 млрд. теңге қарастырылған. Яғни, 85 млрд. теңге осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінуде", — деді министр.
Оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүреді. Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35АЕК көлемінде (79 мың теңге) өтемақы төленеді. Бұдан бөлек бір жылға дейін пәтер жалдауға жұмсалатын шығын мемлекет есебінен төленеді. Оған әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон квотасын қосыңыз. Мұның бәрі солтүстік өңірлерді қазақыландыру үшін қабылданып отырған батыл қадамдар. Осы арқылы шекаралық қауіпті сейілтіп, пайда болуы мүмкін территориялық даудың алдын алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу