Оқыс оқиға қала орталығында, мемлекеттік мекемелердің жанында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz euronews арнасына сілтеме жасап.
Қаза тапқандар бар. Әзірге олардың нақты саны белгісіз, алайда жергілікті билік көшедегі жүргіншілер мен қоғамдық көлік жолаушылары оқыс оқиға құрбаны болғанын хабарлады. Біріншісінен біраз уақыт өткен соң, құтқарушылар қайғылы оқиға орнына келген кезде екінші жарылыс естілген. Болжам бойынша, көліктерге жарылғыш зат қойылған.
Жарылыс болған күні Сомалы Үкіметі "Аш-Шабаб" экстремистік тобының содырларына қарсы бағытталған ауқымды операцияны талқылап жатқан кезде болған. Бұл террорлық актіні де "Аш-Шабаб" экстремистік тобы ұйымдастырды деген күдік бар.
Сомали астанасында, дәл осы қиылыста бес жыл бұрын жүк көлігі жарылып, 500-ден астам адамның өмірін қиған болатын. Ол кезде де террорлық шабуылды "Аш-Шабаб" тобы ұйымдастырған болатын.