Сомали астанасында жарылыс болды

730

Тергеу жүріп жатыр.

Сомали астанасында жарылыс болды

Сомали астанасы Могадишо қаласында жарылыс болды. Қаскөйлер Африка одағының бітімгершілік миссиясының конвойын жарып жібермек болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті Garowe басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуы бойынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 7:30-да болып, артынан атыс басталған. 

Полиция дерегінше, жарылыс бұрынғы президент сарайы орналасқан жерде болған. Бірнеше ғимаратқа зақым келген.

"Олар Африка одағының бітімгершілік миссиясының конвойын қиратпақ болды", – дейді куәгерлер. 

Goobjoog News порталы болса, оқиға жергілікті мектептің жанында орын алды деп хабарлады. Салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың арасында оқушылар мен оқытушылар бар.

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу