Сомали астанасындағы жарылыстан 29 адам қаза тапты

746

Сомали астанасындағы жарылыстан 29 адам қаза тапты

Сомали астанасындағы лаңкестік құрбандарының саны артты, деп хаббарлайды khabar.kz.

Соңғы мәлімет бойынша, 29 адам ажал құшқан. Тағы 30-дан астам адам жарақат алды.

Еске салсақ, сенбі күні Могадишо қаласында бірнеше шабуыл жасалған еді. Алдымен жанкешті тізгіндеген көлік қонақүйдің қақпасына соғылған. Артынша мұздай қаруланған содырлар мейманханаға басып кіріп, оқ жаудырған. Іле-шала бұрынғы парламент ғимараты маңында жарылғыш қойылған тағы бір көліктің күлі көкке ұшты. Шабуыл жасаған 5 лаңкестің екеуі өздерін жарып жіберсе, екеуі ізін суытып үлгерген. Алайда арнайы операция барысында полицейлер оларды қолға түсірді.

Қастандықты "Аш-Шабаб" ұйымы өз мойнына алған. Соңғы оқиғалардан кейін Сомали полициясының басшысы мен барлау қызметінің басшысы жұмысынан босатылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу