Сомали азаматы Оралда асабалықпен айналысып жүр

428

Ол Алматыда бағдарламашы мамандығы бойынша оқиды

Сомали азаматы Оралда асабалықпен айналысып жүр Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында Сомалиден келген тамада ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы шетелдік азамат - Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті. Оның айтуынша, Қазақстанда 2019 жылдан бері тұрады. Алматыдағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығы бойынша оқиды.

"Осы уақыт ішінде сомалилік жігіт тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген. Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу дерегі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді шетелдік азамат депортациялануы мүмкін", - деп хабарлады ведомстводан.

Шетелдік азамат Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында қолға түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу