Сомали астанасы Могадишо қаласында лаңкестер үсті-үстіне 4 жерде шабуыл ұйымдастырып, елуге жуық адамды қырып салды, деп хабарлайды Reuters.
Жергілікті басылымдардың деректеріне сүйенсек, лаңкестер әуелі президент сарайының маңында көлік жарған. Сонан соң қорғаныс министрлігінің алдында қарудан оқ атып, артынша ұлттық театр аумағында көлік жарады. Одан кейін террористер жергілікті қонақ үйге шабуыл жасап, жарылыс жасайды. Бүкіл лаңкестік актіге жауапкершілікті "Аш-Шабаб" ұйымы мойнына алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу