Сомалидегі су тасқыны зират пен орталық көпірді қиратты

303

Су астында ондаған қабір пайда болды.

Сомалидегі су тасқыны зират пен орталық көпірді қиратты Фото: pixabay.com

Сомалиде соңғы жүз жылдағы ең қатты су тасқыны Галкайо қаласындағы зиратты қиратты. Нәтижесінде су астында ондаған қабірлер пайда болып, жерленген адамдардың сүйектері бүкіл аймаққа шашырап кетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC агенттігінің жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми деректерге сәйкес, бүкіл елде кем дегенде 32 адам опат болды. БҰҰ 1,6 миллионнан астам адам жойқын су тасқынынан зардап шегуі мүмкін деп ескертті.

Алайда, Сомали үкіметі БҰҰ-ның қолдауымен шұғыл көмек көрсетуге тырысады, бірақ барлық зардап шеккен аймақтарды қамти алмайтынын мойындайды.

"Соңғы бес күнде біз мұқтаж жандарға көп нәрсе жібердік, бірақ қазіргі жағдай үкімет мүмкіндіктеріне шектеу қойды", - деп мәлімдеді Сомали премьер-министрінің орынбасары.

Болжам бойынша, Сомалиде қатты жаңбыр мен су тасқыны қараша айының соңына дейін жалғасады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кения мен Сомалидегі қатты жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 40 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу