Сомалидің оңтүстігінде мина жарылып, 20 адам қаза тапты

902

Сомалидің оңтүстігінде мина жарылып, 20 адам қаза тапты

Сомалидің оңтүстігіндегі Төменгі Шабелле аймағында шағын автобус жолға қойылған минаға жарылып, 20 адам қаза тапты. Тағы бірнеше жолаушы жарақат алған. Оның жетеуі – әйел. Тек жүргізуші аман қалған, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл "Аш-Шабаб" лаңкестік ұйымы содырларының ісі болуы мүмкін. Бірақ әзірге оқиғаға қатысты ешқандай лаңкестік топ мәлімдеме жасамаған. Қазір тәртіп сақшылары минаны кім қойғанын анықтап жатыр.

Айта кетейік, алдыңғы күні осы экстремистік ұйымның лаңкестері Могадишода теракт жасап, 7 адам қаза тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу