Тікұшақ Сомалидің орталығындағы Беледвейн қаласынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай ақауға ұшырады. Ол Галгудуд аймағымен шектесетін Хиндхер ауылының маңына қонып, көтерілісшілер оны басып алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бортта екі сомалилік пен бірнеше шетелдік болған. Тікұшақ Галгудудтан жараланған сарбаздарды да тасымалдауы қажет еді.
Кейінірек, БҰҰ-ның Сомалиге көмек көрсету миссиясы (UNAMSOM) тікұшақ оқиғасы болғанын растады. Сондай-ақ, ұйым өкілдері болған оқиға туралы ақпарат жинап, әрекет етуге күш салып жатқанын айтып өтті.
Айта кету керек, Аль-Каидамен байланысы бар "Аш-Шабааб" қозғалысы 2006 жылдан бері ислам шариғатының заңдарын қатаң түсіндіруге негізделген, өз билігін орнату мақсатында Сомали үкіметіне қарсы күресіп келеді.