Сөмкесіндегі бомба жайлы хабарлаған адам ұсталды

560

Маңғыстау облысында ер адам теміржол вокзалының полиция бөлмесіне келіп, сөмкесіндегі бомба туралы айтқан, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сөмкесіндегі бомба жайлы хабарлаған адам ұсталды

26 тамызда Маңғыстау станциясының ТЖ вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екендігі туралы хабарлаған.

Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды, теміржол вокзалының аумағы қоршалды, сондай-ақ полиция қызметкерлері автожолдарды уақытша жауып тастады. Аумақты тексеру барысында, сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу