"Сомон Эйр" паркі Қазақстанда құрастырылған тікұшақпен толықты

804

Бұл зауыттың Тәжікстанға сатылған алғашқы тікұшағы. 

"Сомон Эйр" паркі Қазақстанда құрастырылған тікұшақпен толықты

Тәжікстандық "Сомон Эйр" әуекомпаниясының паркі Airbus Helicopters H125 тікұшағымен толықты. Әуе көлігі Қазақстандағы зауытта құрастырылған.

Бұл зауыттың Тәжікстанға сатылған алғашқы тікұшағы. Ұшақты табыстау салтанаты Елордада өтті.

Тікұшақтарды "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрастырған. Жобаны қолдап, қаржыландыруға "KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ мен тәжікстандық "Ориенбанк" ААҚ атсалысып, келіссөздерге Тәжікстанның еліміздегі елшілігі мұрындық болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу