Сomputer Science мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болды

160

Қостанай облысының әкімдігі білім беру саласы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының бірімен толыққанын хабарлады. 

Сomputer Science мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болды Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Өткен жылы АҚШ Миносета университетімен жүргізілген келісім оң нәтиже беріп, екі дипломды білім беру жүйесіне сай Computer Science мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі жақты келісімге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ықпал еткенін айта кеткен жөн.

Келісім нәтижесіне сай, биылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті әлемдік деңгейдегі университеттің серіктесі болады. Бүгіннен бастап сұранысқа ие IT-маман мамандығына талапкерлерден құжаттарды қабылдау басталды.

Жалпы, бұл қадам біздің өңірдің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға септігін тигізуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу