Соңғы 10 жылда елдің көші-қон саласында алғаш рет оң үрдіс бар

458

Елімізге азаматтар негізінен ТМД елдері, Қытай және Моңғолиядан қоныс аударған.

Соңғы 10 жылда елдің көші-қон саласында алғаш рет оң үрдіс бар Фото: gov.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қазіргі геосаяси ахуал және көші-қон саясаты тұжырымдамасының шараларын  атқару нәтижесінде  соңғы 10 жылдықта алғаш рет көші-қон саласында оң үрдіс қалыптасты. Келген азаматтардың негізгі географиясы – ТМД елдері, Қытай және Моңғолия. Тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым көпшілігі еңбекке қабілетті техникалық (1443 адам), экономикалық (577 адам), педагогикалық (288 адам) және медициналық  жоғары білімі  бар азаматтарды құрап отыр", - деді министр.

Сөзінше ішкі көші-қон үрдісінде де оң өзгерістер байқалып отыр. 

"Есепті кезеңде 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды. Ірі қалаларға көш тізгінін бұрған азаматтардың үлес салмағы 40 пайыз көлемінде болған", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу