Соңғы 10 жылда елге құйылған шетелдік инвестиция рекордтық мәнге жетті

584

Қасым-Жомарт Тоқаев СІМ-ге алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде тапсырма берді. 

Соңғы 10 жылда елге құйылған шетелдік инвестиция рекордтық мәнге жетті Фото: Егемен Қазақстан

Сонымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд АҚШ долларын құрады - 2021 жылдан 17,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

СІМ баспасөз хабарламасына сәйкес, бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда рекордтық мәнге  жеткен (2012 жылы – 28,9 млрд доллар).

"Елдер бөлінісінде ең көп инвестиция Нидерландтан – 8,3 млрд доллар, АҚШ-тан – 5,1 млрд доллар, Швейцариядан – 2,8 млрд доллар, Бельгиядан – 1,6 млрд доллар, Ресейден – 1,5 млрд доллар, Оңтүстік Кореядан – 1,5 млрд доллар, Қытайдан – 1,4 млрд доллар, Франциядан – 770 млн доллар, Ұлыбританиядан – 661 млн доллар, Германиядан – 469,5 млн доллар көлемінде түсті", - делінген хабарламада.

Ал салалық бөліністе инвестициялардың ағыны тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 12,1 млрд доллар (өсім 25%), өңдеу өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар (+2,7%), көтерме және бөлшек саудаға – 5,1 млрд доллар (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1,2 млрд доллар (2,2 есе), көлік және қоймалау – 1,2 млрд доллар (+13,5%) көлемінде тиесілі.

"Өңірлік бөліністе инвестициялардың көбісі Атырау облысына – 8,3 млрд доллар (өсім 48,3%), Алматы қаласына – 7,6 млрд доллар (+10,9%), Астана қаласына – 2,2 млрд доллар (+107,2%), Шығыс Қазақстан облысына – 2,2 млрд доллар (+3,1%), Ақтөбе облысына – 1,2 млрд доллар (11,2%-ға төмендеу) келеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу