Соңғы 11 жылда ішкі істер органдарына 56 мың бірліктен астам атыс қаруы тапсырылды

Қазақстандықтар 2 млн астам ойық қарудың патрондарын ерікті түрде өткізген. 

Соңғы 11 жылда ішкі істер органдарына 56 мың бірліктен астам атыс қаруы тапсырылды Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы ІІМ өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған қау-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияларды 2008 жылдан бері үнемі өткізеді.

Бұл акциялар республикалық бюджеттен қаржыландырылады", – деді спикер.

11 жылдың ішінде осындай акциялар барысында барлығы өтемді түрде жалпы соммасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 
2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылған.

"Өткен жылғы акцияның нәтижесінде азаматтармен жалпы соммасы 89 млн. теңгеге, 1400 бірлік атыс қаруы, 10 мыңнан астам ойық қаруының патрондары ерікті түрде тапсырылды.    

Қарудың ең көп тапсырылған саны Түркістан (237 бірлік), Жамбыл (160 бірлік), Шығыс Қазақстан (153 бірлік), Қызылорда (116 бірлік), Қарағанды (107 бірлік),  Ақмола (105 бірлік) және Алматы (90 бірлік) облыстарында", – деді спикер.

Оның сөзінше, бұл шаралар криминогендік ахуалға оң септігін тигізген. Тек соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны жартысына дерлік азайды (2016 жылы 389-дан 2021 жылы 192-ге дейін).

"Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекеттерiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса қылмыстық (ҚР ҚК 287-бап) және әкімшілік  (ӘҚбК 482-бап) жауапкершіліктен босатылатынын айта кету қажет", – Асылбек Ыдырысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу