Елімізде cоңғы 2 аптада СОVID-19 вирусын жұқтыру 1,5 есе артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 243 318 дерегі тіркелген. 218 031 науқас дертінен айыққан.
"Соңғы 2 аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі 1,5 есе өсті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе және Алматы облыстарында вирус жұқтыру деңгейі артты", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Алекцей Цой вирус жұқтыру дерегі Алматыда жиі тіркеліп жатқанын атап өтті.
"Алматыда ақпанда тәулігіне СОVID-19 вирусын жұқтырдың 100 дерегі тіркелсе, наурызда ол тәулігіне 500 жағдайға дейін өсті.
Нұр-Сұлтанда ақпанда тәулігіне коронавирус жұқтырдың 100 дерегі тіркелсе, наурызда ол тәулігіне 350 жағдайға дейін жетті", - деді ведомство басшысы.
Министр бүгінде коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан және Атырау облыстары, "сары аймақта": Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары тұрғанын айтты.
"Жасыл аймақта" қалған 10 өңір бар. Алматыда карантин шаралары айтарлықтай күшейтілді", - деді Алекцей Цой.
Дәурен Ерболат