Соңғы 3 айда 7 мың адам жұмыстан қысқартылды

942

2019 жылы отандық компаниялар 188 мың адамды жұмысқа тартса, керісінше жұмыстан қуылғандар саны 191 мың адамды құрады.

Соңғы 3 айда 7 мың адам жұмыстан қысқартылды

Жалпы, еліміз бойынша соңғы 3 айда 7 мың адам жұмыстан қысқартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. 2018 жылы бұл көрсеткіш тек 3,9 мың адамға жеткен болатын.

Биыл 1,7 мың адам компаниялардың жабылуына байланысты жұмыссыздар қатарын толықтырған.

Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылы отандық компаниялар 188 мың адамды жұмысқа тартса, керісінше жұмысынан қуылғандар саны 191 мың адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу