Соңғы 3 жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді

268

Балқашқа су Қапшағай су қоймасынан жіберіледі.

Соңғы 3 жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді Фото: gov.kz

Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су түсіп, бұл көл деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 2024 жылы Балқаш көліне шамамен 15,9 млрд текше метр су жіберілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 13,9 млрд текше метрді құрады. Ал биыл жыл басынан бері көлге 9,7 млрд текше метрден астам су келіп түсті.

Балқашқа су Қапшағай су қоймасынан жіберіледі. Ол трансшекаралық Іле өзенінің суын реттеп отырады. Биыл Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Ал алдыңғы екі жылда су қоймасы толық көлемде 100% толтырылған.

"Іле өзені арқылы Балқашқа келетін су көлемі көпжылдық орташа көрсеткішке сай. Бұл көлдегі су деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Балқаштың су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша теңіз деңгейінен 341 метр белгісінде сақталуда. Сонымен қатар француз сарапшыларымен бірлесіп, Балқаш көлін 2040 жылға дейін сақтауға арналған бас жоспар әзірленіп жатыр. Далалық зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта алынған нәтижелерге талдау жасалып жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу