Соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі екі есе артты

Бұған былтыр қабылданған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берді.  

 Соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі екі есе артты Фото: syrboyi.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында балық саласының даму қарқыны мәселесі қаралды, деп жазады inbusiness.kz.

Айтуынша, соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі 2 есе көбейген.

"Бұған өткен жылы қабылданған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берді. Саланы мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, балық өсіруге арналған тоғандарды жобалау рәсімдері жеңілдетілді", - деді Әлихан Смайылов.

Салық кодексі аясында балық кәсіпшілігіне қосылған құн салығын 70%-ға төмендету көзделді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 2 жылда балық өсіретін шаруашылықтардың саны 2 есе өсті. Балық экспорты 13%-ға ұлғайды, оның ішінде Еуропа елдері де бар. Жалпы, қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі биыл 10 айда шамамен 57 мың тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға жоғары", - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында да балық өндірісі төмен.

"Аталған өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейтіп, бизнестің бастамаларына қолдау көрсетуі қажет. Сондай-ақ кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандырып, табиғи су қоймаларындағы балық қорының көбеюіне де назар аудару қажет", - деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу