"Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, "Аюсай" визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды",- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Еске сала кетсек, соңғы 2 жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның 7-і жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып салынды. Сонымен қатар, елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.