Соңғы 3 жылда мыңнан астам адам суға кеткен

649

Оның ішінде 321-і балалар.

Соңғы 3 жылда мыңнан астам адам суға кеткен Фото: Ак Жайык

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Былтыр суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, өкінішке қарай жағдай көңіл көншітпейді. Соңғы 3 жылда 1103 адам суда қаза болды. Оның ішінде 321-і балалар. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды, оның ішінде 15-і бала", - деді ол Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының мәліметінше, шомылу маусымы басталғаннан бері 11 адам құтқарылған, оның ішінде 2 бала бар. Тағы 45 адам суда қаза болған, оның ішінде 14-і кәмелетке толмаған балалар.

"Суға батқандардың ең көбі Ақтөбе (5 бала), Абай (5 адам, оның ішінде 2 бала), Қостанай (5 адам) облыстарында тіркелді", - деп атап өтті ол.

Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептеріне жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде суға түсу және өз күшін бағаламай шомылу жатады, деп түйіндеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу