27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, тұрғындар жылусыз қалған болатын. Қалада төтенше жағдай жарияланып, қақаған аязда шамамен 150 мың адам жылусыз қалды. Бұл ретте inbusiness.kz тілшісі еліміздегі орталықтандырылған жылу бағасын зерттеп көрді.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2019 жылы республикада орталықтандырылған жылудың орташа тарифі 10,5%-ға төмендеді. 2020 жылы жылу бағасы тағы – 2%, ал 2021 жылы 2,8%-ға арзандады. 2022 жылдың 10 айында тарифтердің төмендеуі тағы 0,7%-ды құрады. Тек қараша айында баға 1,8%-ға өсті. Яғни, соңғы 4 жылда көрсеткіштер тек төмендеген.
2022 жылдың қазан айында елімізде жылудың орташа тарифі 1 гигакалория үшін 3337 теңгені құрады.
Аймақтар бойынша ең жоғары көрсеткіш Атырау мен Оралда тіркелген.
Жылу бағасы қымбат өңірлер:
- Атырау (5 269 теңге);
- Орал (3 965 теңге);
- Алматы (4 833 теңге);
- Шымкент (4 470 теңге);
- Қостанай (4 147 теңге).
Ең төмен тариф Көкшетауда, Павлодар мен және Астанада тіркелді.
Жылу бағасы ең арзан өңірлер:
- Көкшетау (1 856 теңге);
- Павлодар (2 377 теңге);
- Астанада (2 454);
- Тараз (2 341 теңге);
- Қонаев (2 201 теңге).