Соңғы 40 жылда ЭКО әдісімен 6 миллиондай бала туылған

1855

Соңғы 40 жылда ЭКО әдісімен 6 миллиондай бала туылған

Жасанды жолмен ұрықтандырылған балалар "кәдімгі" балаларға қарағанда әлсіздеу, аурушаң келеді деген пікір қате. Бұл туралы Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының ЭКО бөлімінің меңгерушісі Өтепова Гүлнар Тілеулесқызы айтты, деп хабарлайды forbes.kz.

"Жоқ, ол - жаңсақ пікір. Жасанды ұрықтандыру арқылы дүние есігін ашқан балалардың өмірге табиғи жолмен келген балалардан ешқандай да айырмашылығы жоқ. Жалғыз ерекшелігі – ер мен әйелдің аталық ұрығы мен аналық жасушасы ананың құрсағында емес, пробиркада қосылғанында. Жалпы, әлем бойынша соңғы 40 жылдың шамасында осындай жолмен 6 миллиондай бала туылды. Олардың арасынан ғалым да, ақын да, батыр да шыққаны анық. Қайта, керісінше, ЭКО арқылы туылған балалар қабілеттірек келеді деген де тұжырым бар. Ата-анасы ұзақ күтіп, тілеп алған баласынан ештеңесін аямай өсіріп, барлық жағынан дамытуға күш-жігерін жұмсайды", - дейді Гүлнар Тлеулесқызы.

Қазақстанда экстракорпоральді ұрықтандыру құны шетелге қарағанда әлдеқайда арзан. Ол жақта шамамен 10-15 мың доллар болса, бізде 650 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін шығады.

Бүгінгі таңда елімізде 20 ЭКО орталығы бар, екеуі мемлекеттік, қалғаны жекеменшік мекемелер. Олардың ішінде 10 орталықта ғана квота бойынша қабылдау рұқсаты берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу