"Соңғы 48 сағат": Сербия президенті құпия мәлімдеме жасады

292

Вучич 26 наурыз күні кешке Instagram парақшасында жұмбақ хабарлама жариялады.

"Соңғы 48 сағат": Сербия президенті құпия мәлімдеме жасады Фото: Вконтакте

Сербия президенті Александр Вучич Сербияны қиын күндер күтіп тұрғанын айтып, алдағы уақытта азаматтарды елдің алдында тұрған барлық міндеттер туралы хабардар ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сербияны қиын күндер күтіп тұр. Соңғы 48 сағатта қандай жаңалық алғанымызды айту қиын... Бұл жаңалық Сербия Республикасының маңызды ұлттық мүдделеріне қауіп төндіреді. Мұның қандай жаңалық екенін жақын күндері халыққа жариялайтын боламын. Бұл қиын болады. Біз күресеміз. Сербия жеңеді", - деп жазды Вучич.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сербия президенті Босния және Герцеговинаның сайлау заңнамасына өзгерістер енгізу туралы БНР-дегі Жоғарғы өкіл Кристиан Шмидттің шешіміне сілтеме жасауы мүмкін. Сондай-ақ, Вучич Косовоның Еуропа Кеңесіне кіруіне қатысты ақпарат алған болуы мүмкін.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Вучич Косово ұйымға қабылданған жағдайда Сербия Еуропа Кеңесінен шығу мүмкіндігін қарастыратынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу