Соңғы 5 жыл ішінде терроризм жайлы жалған хабарламалар саны өскен

569

"Ашық" НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында осылай жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы 5 жыл ішінде терроризм жайлы жалған хабарламалар саны өскен Фото: inbusiness.kz

"Терроризм актілері туралы жалған хабарламалар санының өсуінің тұрақты үрдісі байқалады. Атап айтқанда, 2018 жылы – 147, 2019 жылы – 79, 2020 жылы – 64, 2021 жылы – 88, 2022 жылы – 227). Хабарлама жолдаушылар негізінен азаматтардың жаппай болатын орындарын атайды. Бұл халық арасында дүрбелең мен қорқыныш сезімін тудырады, эвакуациялық және тексеру шараларын ұйымдастыруға, ұйымдардың жұмысын тоқтатуға айтарлықтай материалдық шығындарға әкеледі", – деп жазылған тұжырымдамада.

Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, мұндай қылмыстардың көпшілігі ашылмай қалып отыр. Оған хабарламалардың шетелдік интернет-мекенжайлардан жасалатыны және олардың авторын іздестіру шараларын жүргізуге құқықтық негіздердің болмауы себеп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу