Соңғы 5 жылда 397 локомотив сатып алынды

598

Соңғы 5 жылда 397 локомотив сатып алынды

Соңғы алты жылда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу екі есе азайды, деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ.

Бұған 7 мың шақырым жолды қайта жаңғыртып, 4 мың шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу арқылы қол жеткізілген.

"Көрсетілген уақытта 397 локомотив,  24854 жүк және 1089 жолаушылар вагондары сатып алынды. Жаңа диагностикалық құрал жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы вагондардың 90 мыңнан астам ақаулы қосалқы бөлшектері, 67 мыңнан астам рельс ақауы анықталды",- деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу