Ресей Федрациясының ішкі істер министрлігі келтірген дерекке қарағанда, соңғы бес жыл ішінде Ресей азаматтығына ие болғандардың қарасы үш есе өскен, деп хабарлайды islam.kz.
Егер РФ ІІМ мәліметіне сенсек, ресейлік азаматтық алғандар арасында Орта Азиядан шыққандардың қарасы көп. Солардың ішінде Тәжікстан тумалары көш бастап тұр. Өткен жылы 29039 тәжік РФ азаматтығын алған екен. Екінші орында - қазақстандықтар. 40 718 қазақстандық РФ төлқұжатына қол жеткізген.
Ал жалпы есепте, яғни, Орта Азияны және әлемнің өзге елдерін қоса алғанда, ресейлік азаматтық алғандар арасында укриналықтардың қатары қалың - 85 119.
РФ азаматтығына ие болған армениялықтардың да қарасы көп - 25 144 адам. Одан кейінгі орынға Өзбекстан жайғасқан - 23 334.
Десе де Ресей азаматтығын алған қазақстандықтардың дені этникалық орыстар. Олардың ішінде Қазақстанның солтүстік өңірінен қоныс аударғандар көп.