Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100 пайызға жуық орындалды

667

Нәтижесінде, бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100 пайызға жуық орындалды Фото: Казахстанская правда

Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді.

Соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метр су келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн жіберу жоспарланып отыр.

"Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді", – деп мәлімдеді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғанов.

Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға тиімді әсер етіп отыр.

Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннаға дейін балық аулайды.

76 жастағы Қаратерең ауылының тұрғыны, балықшы Күнтуған Тұрғанбаев өмір бойы осы кәсіппен айналысып келеді.

Оның айтуынша, туған өлкеге су келгелі жаңа мүмкіндіктер пайда болған.

"Көзімізді ашқаннан теңізден балық аулаумен айналысып келеміз. Су келгелі балық та жанданып, дарияға кіріп жатыр. Биыл былтырғыға қарағанда балық көбірек. Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу