Соңғы 5 жылда Аралға 977 млн текше метр су жіберілген

167

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы 5 жылда Аралға 977 млн текше метр су жіберілген Фото: YouTube

Су дипломатиясының нәтижесінде суару кезеңінде Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су құйылды.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе және келісілген көлемнен 1,1 млрд текше метрге артық.

Мемлекетаралық "Достық" каналы арқылы келісілген көлемнен 41 млн текше метрге артық, 532,4 млн текше метр су келді.

"Соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Аралға 977 млн текше метр су жіберіліп, жоспар 100%-ға жуық орындалды. Ал, жыл басынан бері теңізге 2 млрд текше метрден астам су түсті. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың су көлемі 22 млрд текше метрге жетті", – деп жазды министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу