Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көлемі екі есе қысқарған

1286

Қазақстан халқының 43%-ы, яғни, 7 млн-нан астам адам ауылда тұрады.

Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көлемі екі есе қысқарған

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының АӨК бойынша кеңесшісі Ербол Есенеев ауыл шаруашылын дамытуда ең тиімді және сұранысқа ие тауар шығаратын жобаларды қолдау керек деп есептейді. Бұл туралы ол "АӨК-ті дамыту" тақырыбында өткен онлайн деңгелек үстелде мәлімдеді. 

"Қаржылық қолдауға байланысты пікірлер көп. Мен ірі немесе шағын жобаларды емес, ең тиімді, өзін ақтайтын, ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім шығаратындарын қолдау қажет деп ойлаймын. Себебі Қазақстан халқының 43%-ы, яғни, 7 млн-нан астам адам ауылда тұрады. Оның 1 млн 200 мыңнан астамы өнеркәсіп саласында еңбек етеді. 100 мыңнан астам адам тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейді. Сондықтан бұл салада ауқымды өзгерістер керек. Себебі болашақта Қазақстан экономикасының дамуына ауыл шаруашылығы секторы серпін береді", – деген сарапшы аулы шаруашылығына бөлініп жатқан қаржы жеткіліксіз екенін атап өтті. 

"Соңғы 5 жылда АӨК саласына екінші деңгейлі банктердің бөлетін сомасы екі есе қысқарған. "ҚазАгро" қаржыны ұлғайтқанымен, бұл секторға аздық етеді. Сондықтан мұнда инвестиция тартудың нарықтық механизмдерін іске қосу қажет", – деді  Ербол Есенеев. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу