Соңғы 5 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 57 пайызға азайды - ҚР БҒМ

1098

 Соңғы 5 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 57 пайызға азайды - ҚР БҒМ

Елімізде соңғы 5 жылдың ішінде балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 57%-ға (11 мыңнан 6 мыңға дейін) азайды, өздерінің туған отбасыларына 2051 бала қайтарылды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Осының арқасында елімізде жетім балалар және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 58 мекеме қайта ұйымдастырылды және жабылды. Үдеріс туынды мәліметтер базасының ашылуының, сонымен қатар ҮЕҰ белсенді қатысуының арқасында айтарлықтай жылдамдады.

Білім және ғылым министрлігі осы бағытта белсенді жұмыс жасайтын ҮЕҰ-мен бірге қызмет жасауға дайын. Әрбір үкіметтік емес ұйым заң аясында балалар құқықтарын қорғау саласында іс-шаралар жасау бойынша жергілікті атқарушы органдармен меморандум немесе келісім жасасуға құқығы бар.

ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетімен 8 халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар меморандумға қол қойды және белсенді жұмыс жасауда. Олар: ЮНИСЕФ, РRI, "ҮЙ" ҚҚ, "Ана үйі", "Кризистік орталықтар одағы", "Отбасылық Академия", "Жанұя", "Құқық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу