Соңғы 5 жылда еліміздегі өлім-жітім көрсеткіші 9 пайызға төмендеген

243

Бұл туралы бүгін медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтаған Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы 5 жылда еліміздегі өлім-жітім көрсеткіші 9 пайызға төмендеген Фото: Ашық дереккөзден

"Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлт саулығы – мемлекетіміздің басты құндылығы. Мәртебелі міндетті абыроймен атқарып жүрген ақ халатты абзал жандардың қажырлы еңбектері әрдайым ұлықтауға лайық. Бұл ретте денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту, медициналық қызметтің сапасын арттыру, дәрігерлерге жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала бермек", – деп жазды Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінде елімізде 270 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етуде, ал жоғары оқу орындарында 70 мыңға жуық болашақ маман білім алып жатыр.

Осынау қастерлі мамандыққа деген адалдықтың нағыз эталоны болып табылатын дәрігерлер қауымы шын мәнінде биік адамгершілік пен шексіз мейірімнің, еңбекқорлықтың ерен үлгісін көрсетіп келеді.

Соңғы 5 жылда дәрігерлер мен медицина қызметкерлері күш-жігерінің арқасында еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеп, өмір сүрудің орташа көрсеткіші ұзарды.

"Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, осынау мерейлі күнде дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!", – деді Премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу