Депутаттың айтуынша, соңғы 5 жылда интернеттегі алаяқтық фактілерінің саны 10 есе өсті. Бұған күнделікті өмірде цифрлық желілерді кеңінен қолдану себеп болып отыр.
"Атап айтқанда, еліміздегі банктердің мобильді қосымшалары мен сайттары кез келген азаматқа ЖСН және жеке куәлік нөмірі бойынша салықтар мен айыппұлдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтардың дербес деректерін заңсыз пайдалануға әкелуі мүмкін", - деді сенатор.
Депутат елімізде дербес деректерді беру үшін заң жүзінде жауапкершілік көзделгеніне қарамастан, аталған талаптар тиісті түрде сақталмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу