Соңғы 5 жылда өндірісте қаза тапқандар саны 16,2%-ға азайды

650

Зардап шеккендер саны 12,5%-ға қысқарды. 

Соңғы 5 жылда өндірісте қаза тапқандар саны 16,2%-ға азайды

ҚР Еңбек министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған брифингте Қазақстанда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша біздің республикамыз 1993 жылдан бастап Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болып табылатынын еске салды.

"Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды азайту ҚР Үкіметі мен біздің министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер саны 12,5%-ға, 1678-ден 1467 адамға дейін, қаза болғандар саны 16,2%-ға, 244-тен 200 адамға дейін азайды", – деп атап өтті Ербол Нұрғалиев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу