Соңғы 6 жылда жеңіп алынған спорт медалдары саны 370-тен 105-ке дейін қысқарды

416

2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерінің дамуына 646 млрд теңге бөлінді, оның 72 пайызына жуығы еліміз үшін басым емес бағыттарға бөлінген. 

Соңғы 6 жылда жеңіп алынған спорт медалдары саны 370-тен 105-ке дейін қысқарды Фото: freepik

Республика бойынша 180-нен астам спорт түрлері дамытылады, бірақ жыл сайын 13 жазғы және 5-қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен ғана жетістікке жетіп отырмыз, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі күнге дейін, республика бойынша 180-нен астам спорт түрлері дамытылады. Барлық спорт түрлері бойынша дерлік спорт резервін даярлау жүзеге асырылады. Бірақ, жыл сайын 13 жазғы және 5-қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен медал жеңіп алынады. Жеңіп алған медалдардың жалпы саны 2018 жылдан бастап 370-тен 2020 жылы 105 медалға дейін қысқарды", — деп хабарлады Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. 

2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерінің дамуына 646 млрд теңге бөлінді, оның 72 пайызына жуығы еліміз үшін басымдыққа ие емес бағыттарға бөлінген.

"Осының бәрі спортшыларды даярлау жүйесіндегі жаттығудың бастапқы кезеңінен бастап жоғары жетістіктер спортына дейінгі сәтсіздіктердің нәтижесі.

Осылайша, біз жыл сайын уәкілетті орган ретінде Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен Мектеп-интернаттар шығындарының өсуін байқаймыз. Шығындардың үлкен бөлігі олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша дайындық болып табылады", — деді Серік Жарасбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу