Соңғы 7 айда 9,5 мыңнан аса автомобиль өндірілген

632

Соңғы 7 айда 9,5 мыңнан аса автомобиль өндірілген

Соңғы 7 айда 9678 автомобиль өндірілген. Ал электр жабдықтарының өндірісі ел қазынасына 63,8 млрд теңге әкелген. Отандық машина құрастыру мен өндіріс көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 6,3%-ға өскен, деп хабарлайды ortcom.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысқан ҚР инвестициялар және даму министрлігі  индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев жеңіл автомобиль өндірісі 4,7 есе, темір жол вагондар өндірісі 9 есеге, трансформатор өндірісі 2 есеге өскенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу