Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық және әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына көшірді. Әрбір факт бойынша, әкімшілік іс қозғалады.
Соңғы құқықтық бағалауды сот береді.
Бұл ретте құқық бұзушының сотта бір рет қана татуласуға құқығы бар.
Жаңа заңнама шеңберінде (2023 жылдың екінші жартыжылдығында) тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мың өтініш қаралды", – деді спикер.
Жалпы, 64% материалдар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есеге артты.
"Сотта 27 мыңнан астам отбасы татуласты. Сонымен қатар, министрлік зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық жұмысты жандандырды.
Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 87 мың қорғау нұсқамасы шығарылды және құқық бұзушының мінез-құлқына 15 мың ерекше талаптар белгіленді.
Бұл адамдарға полицияның күшейтілген бақылауы жүзеге асырылады.
Шектеулерді бұзған 12 мың фактінің жолын кесті (барлығы әкімшілік жауапқа тартылды ӘҚБтК 461, 669-баптары бойынша)", – деп қосты ІІМ өкілі.