Соңғы аптада 9 934 адам короновирусқва шалдықты

778

Елордада COVID-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Өткен тәулікте 1 369 жағдай тіркелді. 1089 жағдай симптомды, 280 жағдай симптомсыз болды. Инфекцияның таралу көрсеткіші 1,0% өсім көрсетті. 

Соңғы аптада 9 934 адам короновирусқва шалдықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Соңғы аптада COVID-19-ға қатысты 9 934 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 37,5%-ға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанудың апталық көрсеткіші 607, 5 -тен 835, 9-ға дейін өсті. Репродуктивтік саны 1,178 құрады", – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары.

Жанна Пірәлиеваның айтуынша, науқастардың 80,6%-ын – ересектер, 16,6%-ын – балалар,  2,7%-ын – жасөспірімдер құрайды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу