Соңғы аптада індет жұқтырғандар саны 1,2 есе артты

664

12 өңірде коронавирус қайта күшейіп келеді. 

Соңғы аптада індет жұқтырғандар саны 1,2 есе артты

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аптаның инфекциялық статистикасы туралы мәлімет берді. 

"21 қазандағы жағдай бойынша 109 766 науқас тіркелді. Оның ішінде 105 301 науқас жазылып шықты. 2662 адам емделуде. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 143 адам тіркелді. Барлығы 1803 адам қайтыс болды. COVID-19-дың ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 36 200 ықтимал жағдайы тіркеліп, оның ішінде 28 318 адам сауығып шықты. 7494 науқас емделуде. 388 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 220 жағдай тіркелді. Сонымен қатар соңғы аптада ел өңірлерінде COVID ауруының өсуі байқалады. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 12 өңірде 1,2 есе өсті. Науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында 125 адам,  Шығыс Қазақстанда 95, Алматы қаласында 79, Павлодарда 79, Солтүстік Қазақстанда 74, Қарағандыда 69, Атырауда 58  тіркелді. Бұл жалпы сырқаттанудың 74 пайызын құрады", – деді ведомство өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу