Соңғы бес айда қазынаға салықтан бөлек 140,3 млрд теңге түсім түскен. Бұл — жылдық жоспардың 84 пайызы, деп хабарлады 7kun.kz.
Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда түсім 20 пайызға төмен. Оның себебі — республикалық бюджет түсімінің азаюы.
Жыл басынан бері мемлекеттік меншіктен түскен табыс қазынаны 49,8 млрд теңгеге толтырған. Оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағын жалға бергеннен түскен 21,1 млрд теңге мен тау-кен өндірісінен бөлек мемлекеттік мекемелерден түскен 11,5 млрд теңге де бар. Мемлекеттік мекемелер табысының 94 пайызы Астана қаласына тиесілі.
Биыл әкімшілік айыппұлдар мен басқа да жаза түрлерін өндіруден 26,7 млрд жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық. Оның ішінде Алматы, Астана мен ШҚО аймақтарына барлық айыппұлдың 51 пайызы тиесілі.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылы қазынаға түскен салықтық емес түсімнің көлемі 368,2 млрд теңгені құрап, рекордты көрсеткішке жеткен еді.