Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев соңғы 5 жылдың ішінде 2,5 мыңға жуық медицина қызметкері шетелге жұмыс істеу үшін кеткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вице-министрдің сөзінше, медицина қызметкерлерінің шабуылға ұшырау салдарынан жұмыстан кетуіне байланысты ресми дерек жоқ.
"Бізде мамандардың тапшылығы жөнінде статистика бар. Қазіргі таңда 4 мыңға жуық дәрігер мен шамамен 5 мың орта буын медицина мамандары қажет. Жалпы алғанда, медицина жүйесінен мамандардың шетелге кетіп жатқаны байқалатынын атап өту керек. Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде 2,5 мыңға жуық медицина қызметкері Қазақстаннан басқа елге жұмыс істеу үшін кетті", – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кету керек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді қорғауға бағытталған заң не үшін қажет екенін айтқанын жазғанбыз.