Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжілісте өткен қоғамдық палата отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Соңғы 5 жылда есірткі қылмыстары санатына жататын баптар бойынша шамамен 19 мың адам жауапқа тартылды. Қазір қоғамда жастардың елу пайызы осы қылмыстар бойынша отыр деген қызу пікірталастар жүріп жатыр. Бес жылдың ішінде есірткі бойынша сотталған 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың саны – 2 мыңнан төмен. Көрсетілген кезеңде жауапқа тартылған жасөспірімдердің саны – 39 адам. Яғни егер де біз елдегі жастардың саны мен есірткі қылмыстары бойынша істі болған жастардың санын алып қарайтын болсақ, бұл есірткі қылмыстары бойынша жастар жиі жауапқа тартылады деген сөз емес. Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында 37 мыңнан астам адам отыр. Оның ішінде есірткі қылмыстары бойынша 4 мыңнан аса адам. Бұл 11 пайызға жуық", - деді ведомство өкілі.
Оның сөзінше, бас бостандығынан айыру орындарында аса ауыр және ауыр қылмыстар бойынша сотталғандар отыр.